СҚО тұрғындары шұңқыры көп жолды өздері жөндеуге кірісті

2179
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында Целинная көшесінің тұрғындары әкімдіктен уәде етілген жол жөндеу жұмыстарын күтпей, жол төсемін өз бетінше жөндеуді бастады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ауыл тұрғындары ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жолдағы шұңқырларды жөндеуге кірісті.

Petropavlovsk.news мәліметінше, Бидайық көшелері Кеңес Одағынан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген. Шұңқырлы жолды көлікпен де, арбамен де айналып өту мүмкін емес.

"Бидайықтағы жолдарды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайын. Аудан әкімшілігі мен ауылдық округ әкімдігі жөндеу жұмыстары басталады деп уәде береді, бірақ жаз аяқталып, жұмыс әлі басталған жоқ. Көшелерді жөндеуге 336 миллион теңге бөлінді. Воронеж, Гагарин, Жапаров, Целинная, Карл Маркс, Мирная, Одесса, Полтавская көшелерінде орташа жөндеу жоспарланған. Рас, жаздың соңына дейін жарияланған тендерлердің ешқайсысы болған жоқ. Осылайша, жөндеу жұмыстары келесі жылға қайта ауыстырылады", дейді жергілікті тұрғындар.

Пікірлер