«Отан - оттан да ыстық» жобасы аясында, 2018 жылдың ең аты шулы іс Сайрагүл Сауытбайдың бас бостаңдығына қол ұшын берген заңгер Абзал Құспанмен жиын өткізілді. Басты тақырыпта азаматтық алу, ыхтиярхат алу, құжаттардың мерзімінің өтуі және одан басқа туындайтың құжат мәселелердің шешілуі талқыланды. 

Абзал Құспанның айтуы бойынша бүгінгі таңда 50000 оралманның құжат мәселесі шешілмей жатыр. Медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаға не мектепке кезекке кою деген басты қажеттіліктерден үзілген азаматтарға көмек беру жобаның басты мақсаты болып табылады. Заңгердің басты шешімі барлық қиын жағдайға тап болған азаматтардан арыз жинап,
бірлестік атынан уәкілетті Министірлікке ұсыныстар мен шағымнан жиналған құжаттамаларға шешімін табуды өтіну.
Қатысушылар заңгердің кеңесін алып, арыздарды жинау шара аяқталған соң лезде басталды. Түрлі себептермен келе алмаған қандастарымызға жедел желіге хабарласуларына немесе «Адырна» (www.adyrna.kz) сайтынан толық ақпаратпен танысу мүмкіндіктерін айтты. Келесі кездесуді 27 қыркүйекке Есік қаласында өткізуді шешілді.
