Ресейлік пропагандист Игорь Мангушев Азовстальді қорғаған украин жауынгерінің бассүйегін сахнаға алып шығып, мазақ етті. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.
«Берег» деген лақап атпен танылған ресейлік пропагандист сахнаға адамның бассүйегін алып шығып, оның «Азовстальді» қорғаған украин әскеріне тиесілі екенін айтты.
Мангушев бас сүйегін жайып, орыстар мен украиндар арасында татуласу мүмкін емес деп, өйткені басқыншылар "адамдармен емес, идея үшін күресіп жатыр" деп мәлімдеді.
"Біз әлі тіріміз, ал мына жігіт енді жоқ. Тозаққа жансын. Оның жолы болмады. Украина қарусызданып, Ресейдік жерлерін кері қайтаруы керек. Біз адамдармен соғыспаймыз,біз идеямен соғысамыз. Сондықтан біз үшін қанша украиндық сарбазды өлтірсек те маңызды емес", - деді ол.
"Адырна" ұлттық порталы