Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

2560
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысында жол апатынан бүтін бір отбасы түгел  қайтыс болды. Көлікте ерлі-зайыптылар және олардың үш баласы болған. Бір бала ауруханада жатыр, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 26 тамызда түнгі сағат 23:00 шамасында Балқаш-Приозерск тас жолында болған. Опель-Вектра көлігінің 35 жастағы жүргізушісі, Гүлшат ауылынан 23 шақырым жердегі қайта жөндеуден өткен жабық жолға шығып кеткен. Онда ескерту белгілері бар екені атап өтілді.

"Жүргізуші 25 жастағы жүргізуші басқарған Hovo көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы әйелі, сондай-ақ олардың үш кәмелетке толмағаны балалары оқиға орнында қаза тапты. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді», - деді Қарағанды ​​облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қуаныш Зарубаев.

 

Факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Жүргізушілер полицияның жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ескертулеріне мән бермеуде», - деп толықтырды ведомство.

Пікірлер