Нәрестені аман алып қалған полицейлер марапатталды

1721
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен майор атағын алды. Оның қасында болған полицейге үш жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін осы атаққа лайық деп бағаланды. Ал оның жанында болған лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Алматыда кәмелетке толмаған қыз дәретханада босанып, нәрестені тастап кеткен еді. Полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев дәретханадан жаңа туған нәрестені аман алып шыққан болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер