Жезқазған әкімі қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерді орнына қойды (ВИДЕО)

15303
Adyrna.kz Telegram

Желіде Жезқазған қаласының жаңа әкімі Қайрат Шайжанов Қарағанды облысының табиғи монополияларды реттеу комитетінің маманына этиканы сақтамағаны үшін ескерту жасады деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада орыс тілінде сөйлеп отырған комитет маманы қазақ тілінде сауал жолдаған журналистке мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартады.

«Пожалуйста, не устраиваете здесь балаган»,– деп жауап береді ҚР ҰЭМ «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті» Бас маманы Сұлтан Тұрсынбекұлы.

Мұндай жауаптан кейін қала әкімі микрофонды алып, маманға этика сақтауын сұрап және мемлекеттік тілде жауап беру керек екенін мәлімдеді.

<

Пікірлер