"Екі жүздісің бе, тексізсің бе, чертсың ба?" - Бекболат Тілеухан Ринат Заитовқа жауап берді (ВИДЕО)

14839
Adyrna.kz Telegram

"Бекболат Тілеухан Қаңтар болатынын біліп тұрып, айтпай кетті" деп айыптаған Ринат Заитовқа экс депутат жауап берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Қазақ өкпелесе де, өлімге қимайды" деуші еді ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. "Қанды Қаңтар оқиғасын біліп тұрып, бізге айтпады" деген сұмдық ауыр жала жапты. Ал енді оған аузына салып, кәдімгідей ыңғайлап "Бекболат Тілеухан неге сізді жек көреді?" деп отыр. Ана жерде Самал Ибраеваның көзінше сөйтіп жатыр. Бұған байланысты неге мен жек көруім керек? Ринат өнері деңгейлес адам емес, жақсы деңгейлес адам емес. Саясаттағы лауазымы деңгейлес адам емес. Енді қазір әр нәрсеге көңілі толмай, айғайлап шыққан адамдар "популярный" бола беретін заман ғой. Ондай бір кереметтей жек көремін деген сөз аузымнан шыққан емес. Жек көрмеймін де. Ал жалпы қарым-қатынасымызды білгіңіз келсе... Былай істейді... Қазір өзі ұнатпайтын бір нәрсем бар. Біреудің біреуге жазған хатын, сөйлеген сөзін шығарып жатады ғой. Аманатқа қиянат жасады деп... Біреудің біреуге айтқан сырын елдің бетіне, жарияға жар салып жатады... Осындай бір тексіздік қазір жан-жағымызды басып кетті ғой. Ал мына жерде мен ондай жағдайда емес, қазір мәжбүрлі күйде жалпы Ринат екеуміздің арамыздың қандай екенін көрсететін бірнәрсені тыңдатайын", -дейді Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан Ринат Заитовтың өзіне жіберген ауызша хабарламасын тыңдатты. Ол жерде айтыскер ақын бүй депті:

"Бекболат Аға, ассалаумағалеукум! Қалдарыңыз қалай? Амансыздар ма? Денсаулықтарыңыз? Ринат Заитов деген жаман бауырыңызбын. Аға, сізге бір айтарым бар еді.. Бір кеңес сұрайын. Ақылдасатын шаруам бар еді. Қалай сөйлесе аламын? Пәле-жаладан сақтасын. Сөзімнің, ойымның түйіні мынау... Сіздің айналаңызға бір қарайықшы. Осы бізді... Қазақты қазаққа айдақтап қойып, неге осы бір-бірімізді бөліп жатыр? деймін да... Ақынымызды, бәрімізді... Біз соның жетегінде жүрміз негізі... Өз басым мойындаймын. Соны бір отырып, ақылдасайықшы дегенмін аға сізбен. Бұл мүлдем басқа нәрсе секілді маған. Қазақты қазаққа ырылдастырып қайта-қайта... Дінді де айта беруге болады, саясатты да айта беруге болады. Бірақ нәтижесінде қазақ пен қазақ Үкіметпен, халық десек те қазақ пен қазақ... Осы арамыз қатты бөлініп жатқан секілді Аға маған... Сол жайында ақылдасайын деп едім шынымен. Қолдасаңыз", - депті Ринат Заитов Бекболат Тілеуханға. 

Бекболат Тілеухан Заитовтың бұл әрекетін "екіжүзділікке" теңеді.

"Пәле-жаладан сақтасын", - дейді да, пәле жабады маған... Дұрыс айтасың. Сен мойындап отырсың. Мені айдақтап жатыр деп. Мені де айдақтаған. Бірақ, мен ешқандай айдақтағанға көнген жоқпын. Неге бөліп жатыр деп мен сенен сұрайын? Маған тиіскен сен. Айтыста да тиіскен сен. Басқа жерлерде де тиіскен сен. Анау класстас бауырдың айтқаны бар ғой... "Аға, сіз көңіліңізге алмаңыз енді... Ішіп алып, шегіп алып... Ринат айта береді" дегеннен кейін бір жағынан кешіргім келіп жүр.  Ал шын ниетінде саясаткер боламын деген ойда болып жатсаң, бұл дұрыс нәрсе емес. Осының жетегінде жүрміз, оны өз басым мойындаймын деп отсың. Қалай десе де "жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі". Осыдан зиян шегетін тек қана қазақ. Саясаткер боламын дегенде, сен  "Заңдарды жаттаймын" деп айттың ғой. Адам Заң жаттап "саясаткер" болмайды. Адам тарихи заңдылықтарды меңгеріп саясаткер болады. Бірнәрсені біледі. Ахмет, Міржақып, Әлихандарды қасында жүрген қазақтар сатты. Бірақ сол оқ кейін өздеріне тиді. Сендер маған жабысыңдар. Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, артықшылығым сол. Тарихтың заңдылығы солай. Тарих қайталанып отырады. Ол мәселеден байқаңдар. Енді мынадай сөз айттыңдар! Ағалап тұрсың! Мойындаймын деп тұрсың! Қазақ қазаққа деп жанын ашығанда жүрегін аузыннан шығып кетейін деп тұр. Ал істелген шаруа мынау. Екіжүзділік пе? Тексіздік пе? Класстасын айтпақшы "ішіп алып, шегіп алады" дегендей терпиласың ба? Чертсың ба? Қалай түсінуге болады бұны? Көп нәрсені біліп тұрсың ғой. Енді осыншама популист болуға, осыншалықты танымалдылықтың құлы болуға бола ма екен?", - дейді Бекболат Тілеухан.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер