Биыл университеттерде оқу бағасы көтерілмейді - Министрлік

2245
Adyrna.kz Telegram

Биыл университеттерде оқу бағасы көтерілмейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Бірінші қыркүйектен бастап Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының мәлімедмесіне сай, ешқандай да оқу бағасы көтерілмейтінін мәлімдейміз. Яғни, баға былтырғы деңгейде қалады. Осы нұсқауды универсиеттердің бәрі қабылдады.", - Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы.

Оның айтуынша, жекелеген университеттерде оқу бағасы көтерілетін болса, оны директорлар кеңесінің шешімімен қайта қарауға болады.

Тікелей министрліктің қарауындағы университеттерде, соның ішінде ұлттық университеттерде баға саясаты өзгерген жоқ. Ал жекелеген университеттер баға саясатын нарықтағы жағдайға сәйкес ұлғайтып жіберсе, оны директорлар кеңесінің шешімімен қайта қарауға мүмкіндік бар екенін айтқым келеді»,- деді Ержан Әмірбекұлы.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер