Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Асылы Осман «Адырна» ұлттық порталының төл жобасы «Таразының» кезекті санында қонақ болды.
Филология ғылымының докторы еліміздегі тіл мәселесін ерекше атап өтті.
«Тіл ортақ болмай, қоғам еш уақытта тоқтаспайды. Мысалы, қазіргі жағдайда тіпті ассамблея бар ма, жоқ па ешкім білмейді. Қазақ: «Кісі бетін аяған, өз беті шиқандай болады»,– дейді. Біз өзгенің көңіліне қараймыз, бірақ мемлекет ретіндегі қазақтың тіліне, қазақтың әдетіне, ғұрыпына, қазаққа олай қарамаймыз. Қытайдан келген бір әйел:«Қытайға барсам союз дейді, союзға келсем Қытай дейді, қайда барып күн көреді екенмін?»,–деген еді. Қазаққа тек портфель керек, мынандай кресло керек»,– деп өз пікірін білдірді ол.