Алматыда Үндістан медицина және ғылым академиясының бөлімі ашылуы мүмкін - Министрлік

2253
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек International Academy of Medicine and Sciences (Халықаралық Медицина және Ғылым Академиясы) өкілдерімен кездесті.

Академияның бас директоры Наджхаван Рупал Алматыда қос дипломдық (Қазақстан-Үндістан) бағдарламамен оқытатын ақпараттық технологиялар университетін ашуды ұсынды. Сондай-ақ, медицина, фармацевтика және биотехнология бағытында да білім беруді жоспарлап отырғандарын айтты. Бұдан бөлек елімізде емхана мен фармацевтикалық зауыттар салмақ.

Өз кезегінде министр Саясат Нұрбек Халықаралық академия басшысына оқу орнын ашу, тіркеу жолдарын айтып, министрлік тарапынан әріптестік байланыс орнатуға әзір екенін жеткізді. Одан бөлек студенттерге арналған жатақхана салу қажеттігін де ескертті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер