"Украинадағы соғыс $100 млрд шығын әкелсе, Назарбаев $240 млрдқа батырды" - Сақатов

20647
Adyrna.kz Telegram

"Украинадағы соғыс 3,5 ай ішінде 100 млрд доллар шығын әкелді. Ал бізде ешқандай соғыс болмаса да, Назарбаев бастаған ескі үкімет шетелге 240 млрд доллар шығарды. Жаңа мемлекетіміз қалай болады екен". Бұл пікірді белгілі актер Алмат Сақатов өзінің инстаграм парақшасында қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Украинада осы 3,5 ай ішінде соғыста 100 млрд доллар шығын кетті. Ойлаңыздаршы! Қаншама қаланың талқаны шықты, қаншама адам өлді... Танк, самолеттер... 100 млрд доллар дейді. Ал біздің Нұрекең бастаған ескі үкімет 240 млрд долларды шетелге шығарып жіберіпті. Оны Қажыгелдин айтып отыр. Қараңыздаршы, ешқандай соғыс болмай, самолет, танкті жармай... Құдай сақтасын әрине! 240 млрд... Анау жақта 100 млрд... Негізі қазақ деген мықты ғой, иә? Таңғаламыз ғой! Жаңа мемлекетіміз қалай болады екен? Шіркін...", - дейді Алмат Сақатов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Пікірлер