Атырау облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды

4675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/2300b26c-da48-4157-9dc9-c6f428cafd7c.jpeg
Атырау облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Қайғылы оқиға 17 тамызда болған. Әскери міндетін атқару кезінде қайтыс болған сарбаздың өліміне денсаулығы себеп болған.  Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша кенеттен жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Алайда қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан оқиға басқаша сипатта болғандығын айтып желіде жазба қалдырған. Әскери қызметшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Комментарии