Келесі жылдан бастап барлық мектеп 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлығы 5 күндік жұмыс форматына ауысады. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдер сенбі күні демалуға тиіс деп санаймыз.Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті. 56 күн өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ ол сенбі күні мұғалімдерді мектепке шақыртып алуды тоқтату керек екенін атап өтті.Олар өз балаларының қасында болуы керек»,- деді министр Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында.Новости по теме
”Адырна” ұлттық порталы