“Не істейсің?”: Қарағанды облысының тұрғыны облыс әкімін танымай қалды

2469
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қарағанды облысының тұрғыны облыс әкімінің атын білмей қалды. Журналист Асхат Ниязов Қарағанды облысының тұрғынынан әкімнің есімін сұрағанда білмей қалған видеосы желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бір қызығы видеода журналист әкіммен бірге жүрген еді.

“Білмеймін. Газеттен көрдім, ұмытып тұрмын”, деген еді тұрғын журналистің сұрағына.

Журналистпен бірге тұрған Қарағанды облысының  әкімі Жеңіс Қасымбекті көрсеткенде, тұрғын абдырап қалды. Журналист тұрғыннан “әкімге не айтарыңыз бар?” деп сұрады.

“Менің әр күнім проблема. Не істейсің? Ақша жетпейді. Сен 1 ай істейсің де, басқа жаққа кетіп қаласың”, - деді тұрғын әкімге.

Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

Пікірлер