Қазақстанда есірткі жарнамасымен айналысқан 1606 веб-сайт бұғатталды

1919
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес Қазақстанда есірткіні интернет арқылы сатудың 153 фактісі тіркелгенін растап, 1606 веб-сайт, аккаунттар мен ресурстар бұғатталғанын хабарлады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

«Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс, оларды интернет арқылы өткізу бойынша 153 қылмыстық іс тіркелді. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында есірткі мен психотроптық заттардың таралуына қатысы бар 1 606 веб-сайттар, аккаунттар және басқа да ресурстар анықталып, бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Данияр Оралов дүйсенбі күні өткен брифингте. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер