“СҚ-Фармация” басшысы жалақысы қанша екенін қазақ тілінде айта алмай қалды

713
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын қазақ тілінде айта алмай сынға ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Брифинг барысында БАҚ өкілі "СҚ-Фармацияға республикалық бюджеттен, атап айтқанда МӘМС қорынан қаражат бөлініп отырғананын еске салып, қазіргі нарықтағы қымбатшылыққа байланысты Ерхат Есқалиевтің "СҚ-Фармация" басшысы ретінде жалақысы қанша екенін және қазақ тілінде жауап беруін сұрады. Ал "СҚ-Фармация" басшысы оған қазақ тілінде жауап бере алмады.

"Менің жалақым 1 миллион 404 мың теңге. Қолға аламын", - деп орыс тілінде жауап берді Ерхат Есқалиев.

Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket