«UshQonyr» ТК: алаяқтықтың соңы бар ма?

2308

Соңғы жылдары Қазақстанда үлестік құрылыспен байланысты жанжалдар тым көбейіп кетті. Мемлекет үлескерлер мен ұзаққа созылған құрылыс мәселелерін жаңа құрылыс салушыларды тарту арқылы ішінара шеше бастады. Әрі құрылыс ережелерін қатаңдата түсті. Алайда, алаяқтық пен осы саладағы сот процестері тоқтайтын түрі жоқ.

Сонымен қатар, кейбір "комбинаторлар" өздерінің заңсыз бизнестерін жасыру үшін жалған фирмалар ашуды әдетке айналдырған.
Әрі қарай оффшорлар, сыбайлас жемқорлық, ықпалды тұлғалармен байланысу арқылы, арам ойларын жүзеге асырады. Кейін із суытып, жоғалып кетеді.

Мәселен, әлі күнге дейін мәселесі шешілмеген "UshQonyr" тұрғын үй кешені нысанының құрылысын айтуға болады. Бұл іс қашан аяқталатыны, дауға айналған нысанды сот процестерінің нәтижесінде кімге берілетіні белгісіз.

"UshQonyr" ТК құрылысын әр түрлі компаниялар арқылы Қайрат Бағланұлы Мәмиев жүргізеді (Қайрат Мәмимен шатастырмау керек). Оның артында танымал олигарх Дінмұхамет Ыдырысов тұр.

Айта кету керек, Қайрат Мәмиев – құрылыс саласында алаяқтықпен айналысатын өте тәжірибелі "комбинатор". 2010-2011 жылдары БАҚ беттерінде ол туралы ақпараттар жарияланды (https://flashpress.kz/blog/flash/876.html).

Қысқаша әңгіме осындай. Өскеменде "Ақай – Инжиниринг" ЖШС (директоры Қайрат Мамиев) үлескерлердің қатысуымен 100 пәтерлі үй салады, оның 19-ы құрылыс салушыға өтуі тиіс еді. 2010 жылы қалалық құрылыс бөлімі 85% дайындық сатысында сот шешімі бойынша "Ақай – Инжиниринг" ЖШС – мен шартын бұзып, үй салу құқығын басқа ЖШС - "Берел Құрылыс" компаниясына береді.

Бұл ретте іс жүзінде барлық қаражат игерілген, тек бір қабаттың ғана жұмысы аяқталмай қалады. 2011 жылғы 3 наурызда Әділет департаменті 3 наурызда ЖШС-ға үлескерлердің пәтерлеріне деген меншік құқығын тіркейді!

Осы тұста парадоксалды жағдай туындады: үй салынды, 81 пәтерді мемлекеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметкерлер иемденді, ал пәтерлерді нақты ақшаға сатып алған үлескерлер үйсіз қалды. Бір қызығы, "Ақай – Инжиниринг" ЖШС бұрынғы директоры Қайрат Мәмиев "Берел-Құрылыс" компаниясына ауысып, нәтижесінде үлескерлер пәтерінің иесі атанды…

Енді "UshQonyr" ТК тарихына оралайық. Құрылыс нысаны 50/50 тең үлестері бар екі құрылтайшыға тиесілі. Бірі "БАТИСТУТА АК-ФЗКО" компаниясы және Асанхан Нұрлыбек Ғалымжанұлы. Бірақ жобаның басты құрылтайшысы "БАТИСТУТА АК-ФЗКО" компаниясы Дубайда тіркелген. Ол Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арқылы жұмыс істейді. Алайда олардың қаржы ағындарын бақылау мүмкін емес. "Комбинаторлар" мұны да алдын ала ойластырса керек. Бұл жобаға "KB DEVELOPMENT" ЖШС (жетекшісі Мұстафин Алмас Ерхатұлы) қатысады. Ол жалған компаниялар мен тұлғалардан тұрады.

Кейбір мәліметтер бойынша, компания құрамында Дубайда жасырынып жүрген Қайрат Мамиев пен Дінмұхамет Ыдырысов та бар. Олар белгілі бір «тізбек» бойынша жоспарларын жүзеге асырып отыр. Қазақстандағы тұрғын үйден түскен ақшаны Дубайға АХҚО арқылы аударып алады.

Бұл олар үшін жақсы пайда көзіне айналған. Кейін бұл қаржының бір бөлігі беделді СК пәтерлеріне айналады. Кейін тағы да үлескерлерді алдап-соғып, жаңа клиеттерге жоғары бағамен сатады. Түскен пайданың бір бөлігін бақылаушы органдарға береді. Осылай алаяқтық әрекеттер жазасыз қалады.

Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) қайда қарап отыр?! Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы ше? Басқа бақылаушы органдар қалай жұмыс істеп жатыр? Алданған құрылысшылар кімнің көмегіне жүгінбек?
Осы жағдайда "UshQonyr" ТК бойынша жарнама мен үлестік құрылыс шарттарына сеніп, адал ақшаларын пәтерге салып, кейін алданған азаматтарға өте қиын. Бірақ зардап шегіп жатқан адамдар Ыдырысов пен Мәмиевтің тағы қандай айла-тәсілдер пайдаланатынын білмейді.

Кейбір мәліметтер бойынша, Дінмұхамед Ыдырысов пен Қайрат Мәмиев Дубайда жасырын өмір сүріп жатыр. Олар "жабайы Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қызметіне қаржылай көмек көрсетеді деген күдікке ілінген. Ресми емес мәліметтер бойынша, Қайрат Мамиевке қазір іздеу салынған.

Тергеу материалдары бойынша, қаңтар қақтығысында Мамиев пен оның серіктестері митингке қатысушыларды қарумен, атап айтқанда Макаров және Глок маркаларының тапаншаларымен қамтамасыз еткен. Жұмагелдиев 10 адамнан тұратын бірнеше әскери топ құрып, оны басқарған. Тәртіпсіздіктер кезінде олар мемлекеттік мекемелер мен бизнес нысандарын тонап, 24 адамды ұрлап әкеткен, олардың бірі қайтыс болған.

Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев атап өткендей, ұйымдастырушылар олардың әрқайсысына 200 мың теңге көлемінде қаражат, қорғаныс құралдарын, атыс қаруын берген. Ал қылмыскерлердің ерекше белгісі ретінде ақ дәке таңып алған.

Егер Ыдырысов пен Мәмиев тарапынан Алматыдағы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырғаны дәлелденсе, онда осы "комбинаторлардың" құрылыс саласындағы, атап айтқанда "UshQonyr" ТК-дегі алаяқтық қызметі де аяқталмақ.

Нұрлан АХМЕТОВ

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket