“Колхозды жекешелендіру - ауылды құрту” деп Назарбаевқа бетке айтты

2643
Adyrna.kz Telegram

"Сары Алмаздың" әкесі Болатбек Нәсенов аға әңгіме үстінде Балташ ағаның бір ерлігін айтып еді.

"Колхозды жекешелендіруге Үкімет жиынында ашық қарсы шықты. Бұл ауылды құрту деп Назарбаевтың бетіне айтты. Сол кезде Нұрсұлтанның түрі бұзылып кетті.

Балташтан басқа ешкім қарсы шыға алмады. Сөйтіп ауылды құрттық қой" деп еді Болатбек аға.

Содан кейін Балташ ағаның соңына шам алып түсіп, отырса опақ, тұрса сопақ қылды. Ақыры кілең жағымпаз бөрінің артындай шулап керек кадрдің қадіріне жетпей жұмыссыз қалдырды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев ағамыздың қонақасы ертең, 15-тамыз дүйсенбі күні Жалын мейрамханасында болады (Достық 304) сағат 19:00.

Жаназасы 16-тамыз сейсенбі күні сағат 9-да үйінде өтеді.(Оспанов көшесі 46) Қоштасу рәсімі Ғалымдар үйінде сағат 10-да болады (Құрманғазы - Пушкин көш. қиылысы) Асы жерлеп келген соң сағат 1-де Жалында.

Оңғар ҚАБДЕН

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер