Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасына көңіл айтты

2213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/c1d82518-e326-484a-b9e5-354e288cf1a9.jpeg
Президент мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
 – Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии