Имамдар “қыздарға білім керек емес” дегенді уағыз етіп жиі айтады - ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ

2912
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында әлеуметтік зерттеу қорытындысымен бөлісті.

– Имамдардың Youtube-тағы уағыздарын тыңдасаңыз, шошисыз айтып жатқан нәрселерінен. Ол жерде мемлекеттің зайырлылық ұстанымына қарсы нәрселер өте көп. Ашық түрде мемлекетке ешкім сын айтпайды. Бірақ зайырлылықтың бір белгісі – адам құқықтары, әйел адамдардың құқықтарының сақталуы. Ал бізде көп имамдарды тыңдасаңыз, «көп әйел алған дұрыс», «қыз балаларға білім алу керек емес», «жалпы біздің қоғамды жақсартатын ислам діні ғана» деген сияқты кертартпа ойлар өте көп, – дейді әлеуметтанушы.

– Олар өзінің жамағатына сәйкес уағыз айтады. Егер оның жамағаты консервативті, патриархалды болса, соның ығына жығылып, олардың естігісі келетін уағызын айтатын болады. Мемлекет қалап отырған прогресс, білім алу деген сияқты дүниелерді емес, кертартпа ұғымдардың таралуына ықпал етіп жатыр, – дейді сарапшы.

– Дін деген адамның ішкі эмоциясы, жан дүниесімен байланысты. Мемлекет осылай шектеу қойған кезде оған қарсылық пайда болады. Мемлекеттің қай имамның уағызын тыңдап, кімнің уағызын тыңдауға болмайтынын реттеп тастауы адамдардың наразылығын өршітті. Сосын дін саясаты діннің атрибуттарымен күреске айналып кетті. Сақалы барды, хиджап кигенді сәлафиттер деді, басқа деді, – деді әлеуметтанушы.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер