Әлемдегі ең қымбат дәріден Қазақстанда бір бала қайтыс болды

2749
Adyrna.kz Telegram

Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новости сайтына сілтеп.

Айта кетейік, Zolgensma әлемдегі ең қымбат дәрі болып саналады. Бір дозаның бағасы 2 миллион доллардан асады. Препаратты швейцариялық "Novartis" компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген.

Novartis компаниясының мәліметінше, Ресей мен Қазақстандағы екі баланың өліміне не себеп болғанын да жазды. Zolgensma-ны еккеннен кейін бес-алты апта өтке соң, балаларда өткір бауыр жетіспеушілігі басталған. Соның салдарынан екеуі де көз жұмды.

Жұлын бұлшықетінің семуі тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Осы уақытқа дейін науқас балалар өмір бойы қымбат дәрілерді ішіп келген. Алайда олардың 50 проценті екі жасқа да жетпей, қайтыс болады.

Ал "Zolgensma" препаратының бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер