Бүгін қазақтың ұлы ғалымы Едіге Тұрсыновтың туған күні

760

Танымал әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы Едіге Дәріғұлұлы Тұрсыновтың туған күні. Тірі болса 80 жасқа толар еді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов 1942 жылы 10 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.

1964-1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы болған.

Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болған.

1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket