Екібастұздағы "Шығыс" көмір разрезінде бір жұмысшы қаза тапты

2803
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Екібастұздағы "Шығыс" көмір разрезінде 9 тамызда бір жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жұмысшы ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген. 

"Жөндеу жұмысы кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған", – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

42 жастағы механик алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын облыстық еңбек басқармасы тексереді.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер