Президент сынаған «Зерде» холдингі жабылды

2767
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/62598d6c8759a717238460-960x500.jpeg?token=cb159805540bdfac23df0d2ec87a214c
Үкімет "Зерде" холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады", - делінген Үкімет таратқан хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Зерде" холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі хабарланған болатын. 2016-2021 жылдарының ішінде холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии