Ресей америкалық баскетболшыны 9 жылға соттады

2224
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бритни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот екі дүркін олимпида чемпионын есірткі тасып, оны сақтағаны үшін кінәлі деп тапты.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айында 31 жастағы Бритни Грайнер Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталды. Спортшының сөмкесінен Ресейде тыйым салынған наша майы табылды.

Бритни Грайнер - АҚШ құрамасы сапында баскетболдан екі дүркін Олимпиада чемпионы. Екатеринбургтегі баскетбол клубында ойнаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден баскетболшыға қатысты шыққан үкімді "заңсыз" деп танып, Грайнерді АҚШ-та қару-жарақ сатқаны үшін сотталған Виктор Бутқа айырбастауды ұсынған. Бірақ Мәскеу екі ел арасында мұндай келісім жасалмағанын алға тартып, бас тартқан.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер