Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

3180
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/3c9bd220-1c4d-4c2b-9060-fa48a64d4b8a.jpeg
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі болды. Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», – деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии