«Қазақмыс» компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды

3613
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

«Kazakhmys Holding» ЖШС Қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі болып журналист Дархан Мұқан тағайындалды. Бұл туралы ол Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Достар!

Осыған дейін біршама уақыт бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткенімді білесіздер. Өзімді мемлекеттік қызметте де сынап көрдім. Барлық жерде Сіздердің қолдауларыңызды сезініп, әріптестік сыйластықта болдық. Ол үшін шексіз рахмет!

Бүгін сіздерге маңызды бір жаңалықты хабарлағалы отырмын. «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі лауазымына тағайындалдым. Аймағымыздың ғана емес, тұтастай еліміздің экономикасында елеулі орын иеленетін компанияда, тәжірибелі мамандардан құрылған командада қызмет етуді өзіме абырой санаймын. Сенім білдіріп, жауапты қызметке шақырған басшылыққа алғысымды білдіремін.

Ақпарат құралдарындағы барша әріптестеріммен өзара түсіністікте жұмыс істейміз деп сенемін”, деп жазды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер