Әнші әрі композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті

6495
Adyrna.kz Telegram

Әнші әрі композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті. Бұл туралы әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Аймұрат Мәжікбаев 1997 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін тәмамдаған. Кейінірек политехникалық колледжде  «Саз» вокалдық студиясын, «Самғау» жастар театрын құрды. 2016 жылдан бастап Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда солист болды.

Аймұрат Мәжікбаев көптеген танымал әннің авторы. «Туған жер», «Ақтөбе», «Анашым», «Асыл аға», «Балапаным» сияқты қазақ эстрадасындағы әндерге музыка жазған. Ол әуенін жазған «Аққуым» әнін Майра Мұхаммедқызы мен Димаш Құдайберген орындап жүр. Аймұрат Мәжікбаевқазан айында 49 жасқа толар еді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер