Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин енгізілді

3191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/41366b42-1a6c-458b-a8f6-524c53aa811b.jpeg
Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы жергілікті әкімдік мәлімбеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі Петровка ауылында ұсақ малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген жергілікті әкімдіктің хабарламасында.
Құжат күшіне енген. Айта кетейік, бруцеллез – ауру жануарлардан адамға берілетін, адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын зоонозды инфекция.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии