Аятолла Хаменеи Израиль шабуылынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oK21DU5DjpaVr9jIF5t8sMdllMIYQ9LvIvpdGKbi.jpg

Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Израиль шабуылынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің мәліметінше, бұл оқиға туралы бейнерепортажды IRNA агенттігі жариялаған.

Ақпаратқа сәйкес, аятолла Хаменеи Тегерандағы резиденциясында Мұхаррам айына орай өткен қаралы шараға қатысқан.

Айта кетейік, бұл – 13 маусымда басталған Израиль шабуылдарынан кейін алғаш

рет таңдалған аудитория алдында көпшілікке көрінуі. Бұл жайт оның кеңсесі таратқан фото мен видеолардан анық байқалады.

Бұған дейін 25 күн бойы Иранның жоғарғы басшысы халыққа тек алдын ала жазылған бейнеүндеулер арқылы ғана жүгінген болатын. Сол уақыт аралығында оның қауіпсіздік мақсатында бункерге көшірілгені жөнінде де ақпарат тараған.

Комментарии