1-ші сыныпқа 400 мың оқушы өтініш берген: 70%-ы қазақ тілін таңдады

3632
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бірінші сыныпқа өтініштің шамамен, 400 мыңы келіп үлгерген. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

“Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындау мен ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі. Жүргізілетін жұмыстар әлі жеткілікті және ол үшін мектептер тамыз айын тиімді пайдаланады. Бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды ​​облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады”, – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер