АҚШ-тың БҰҰ-дағы Елшісі Линда Томас-Гринфилд агрессор Ресей Украинаны жойып "оны әлем картасынан толығымен өшіргісі келетінін" хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Елші АҚШ Ресейдің Донецк және Луганск, сондай-ақ Оңтүстік Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялауға дайындалып жатқанын байқағанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Лавров Каирдегі Араб саммитінде:" Біз сөзсіз Украин халқын абсолютті халыққа қарсы және тарихқа қарсы режимнен арылуға көмектесеміз", - деген болатын.
Оның айтуынша, Мәскеудің бұл талпынысы«жалған референдумдар өткізу немесе Ресейге қосылу туралы жарлық шығару мақсатында Ресейдің бақылауындағы аймақтарға заңсыз сенім білдірілген тұлғаларды орналастыруды» қамтуы мүмкін.
Томас-Гринфилд Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың "тіпті бұл Ресей соғысының басты мақсаты" деп мәлімдегенін еске алды.
"Адырна" ұлттық порталы