Мемлекеттік бюджеттен киножобаға 5,6 млрд теңге бөлінді

2894
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттен 62 киножобаны қаржыландыруға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильм қаржыландырылатынын мәлімдеді.

"Биылғы жылы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асты. Әлеуметтік маңызы бар, соның ішінде анимациялық фильмдерге 4,95 млрд теңге жұмсалады. "Дебют" санаты бойынша фильмдерге шамамен 500 млн теңге, көпшілік көрермен аудиториясына арналған фильмдерге тағы 129,5 млн теңге және бірлескен өндіріс фильмдеріне 25 млн теңге бағытталады", - деді Бауыржан Шөкенов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер