Өмір сүргім келмейді: 4 баласы бар ана көпірден секірмек болды

3246
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда 4 баласы бар әйел көпірден секірмек болған, деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. 

Секіруге оқталған әйелді машинамен өтіп бара жатқан Евгений Языков есімді құтқарушы азамат көріп, дереу көмектесіп аман алып қалады.

Құтқарушы жағдайдың қалай болғанын, алған әсерімен бөлісті.

“Бәрі кинодағыдай болды. Мен бірден тежегішті бастым, қуанышқа орай менің артымнан ешкім келе жатқан жоқ еді. Есікті жұлқа ашып, қарсы келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтіп, секіргелі тұрған келіншекке ұмтылдым. Ол да қолын босатты, мен де ұстап үлгердім”, - дейді сол күнгі оқиғаны еске алған Евгений. 32 жастағы К.-ны аман-есен қауіпсіз жерге шығарған құтқарушы бірден полицияны шақырды. «Келіншек жылап, секіруге не себеп болғанын, өмір сүргісі келмейтінін айтты. 4 баланың анасы екен. Сол жердегі көлік жүргізушілері де келіп қандай көмек керек екенін сұрады. Полиция патрулі келгенше мен әйелді тыңдадым және оны мүмкіндігінше тыныштандыруға тырыстым», - дейді Евгений.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер