Самат Әбіш ҰҚК экс-басшысының ісі бойынша жауапқа алынды

787

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен Кәрім Мәсімов пен осы іс бойынша басқа да айыпталушылардың ісі бойынша жауап алынды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҰҚК сондай-ақ Самат Әбіштің ұсталған басқарманың бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екенін хабарлады.

«С.С.Әбіштен 175-баптың 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 3-тармағында көзделген және ҚР ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігімен, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен, 366-бабының 4-бөлігімен қылмыстар белгілері бойынша К.К.Мәсімовке, А.Т.Садыкуловқа, Д.Е.Ерғожинге, М.С.Осиповқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша жауап алынып, куәгер ретінде жауап алынып жатыр.

Әбіш С.С.-ға қатысты қылмыстық істерді ұлттық қауіпсіздік органдары тіркеген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ», - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісінің сауалына ҰҚК баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылдың 22 маусымында Парламент Мәжілісінің алаңында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов Самат Әбіштің «тергеу орбитасында» екенін айтқанымен, қандай статуста екенін нақтыламады.

Айта кетейік, 43 жастағы Самат Әбіш 2000-2006 жылдар аралығында ҚР ҰҚК органдарында офицер қызметін атқарған. Одан кейін Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, осы бөлімнің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

2010 жылы ҰҚК кадр басқармасының бастығы болды, одан кейін ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша департаментін басқарды (2011 жылдың қарашасынан 2013 жылдың наурызына дейін).

2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш қызметінен босатылды.

Бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов биылғы жылдың күзіне қарай ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты жүргізілген тергеудің нәтижесі белгілі болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлімі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша тергеуді бастаған болатын. Сол күні бұл қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket