Маңғыстауда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)

3915
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/548d89a8-7e39-4217-b63c-1f7e584bef7f.jpeg
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат 102 кезекшісіне 27 шілде күні сағат 16.30-да түскен. Облыстық полиция департаменті екі көліктің бетпе-бет соқтығысқанын мәлімдеді.
«Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы бетке шығып, басқа Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі, сондай-ақ бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды»,— деді ПД баспасөз қызметі.
https://youtu.be/iX1ink6-YUU
Комментарии