Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау! - Арман Шораев

10504
Adyrna.kz Telegram

"Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау". Бұл пікірді белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев Adyrna.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Болат Назарбаев ешқандай аурумен, ешқандай қатерлі ісікпен ауырып жатқан жоқ. Бұның бәрі далбаса! Жалған спектакль! Постановка! Біздің халқымыз кешірімді болғандықтан олар өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, "бізді аясын" деп осылай  жасап отыр. Болат та, оның балалары да мыңдаған қазақтардың көз жасы мен обалына қалғандарын біледі. Олар осындай амал-айламен өздерін жауапкершіліктен аман алып қалғысы келеді. Болат Назарбаев осыдан 7 ай бұрын Қанды Қаңтар кезінде елден қашып, өз аяғымен Қырғызстанның шекарасына өткен. Иә дәл сол баяғы қарны шартиған, 1 кг салмағын да түсірмеген Болат Назарбаев. Мен де дәл солай мүгедектердің арбасына отырып, қолыма планшет алып, өтірік сөйлей алмайтындай бірнәрсені жазып отыра алам. Сондықтан Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап- сау!", - дейді Арман Шораев.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер