Ресей Ақтауда консулдық мекеме ашуды жоспарлап отыр, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Иван Волынкин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
"Консулдық департамент желісі бойынша Ресей азаматтарының туристік ағыны көбейген аймақтарда біздің консулдық қатысуымызды кеңейту мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Ақтау, Гродно, Канкун және Самарқандта Ресей консулдық мекемелерін ашу жоспарда бар», - деді Иван Волынкин.
Сонымен қатар Ресей Азия, Африка, Латын Америкасы және ТМД-дағы Ресей елшіліктерінің штат санын көбейтеміз деп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы