Құлыбаевқа тиесілі ірі екі компания Ресейлік бизнесменге сатылды деген ақпарат бар

3937
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі ірі екі компания Ресейлік бизнесменге сатылды деген пікір бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ерлан Саиров өз facebook парақшасында жариялады.

“Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп аталатын "Қамқор Локоматив", "Қамқор Вагон" кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты.

"Түйені түгімен жұтып", енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады.

Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін”,- деп жазды ол парақшасында.

Нақты ақпарат БАҚ беттерінде жарияланбады.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер