Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейюс Женевада өткен баспасөз мәслихатында маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен маймыл шешегінің жаһандық деңгейде өршуі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп санаймын», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінге дейін 75 ел мен аумақта маймыл шешегінің 16 000 жағдайы тіркеліп, бес адам қайтыс болды.