Ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге сыйақы табысталады

5836
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/921a1818-5273-4e0d-bc85-3c715e7f66a4.jpeg
Ақтөбелік Санжар Хамитов география пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы 54 елден қатысқан 200 үміткердің ішінен топ жарған.
«IGeO-ге бір рет болса да қатысуды армандап, 9-сыныптан бастап дайындалдым. Күміс медаль ғана алатын шығармын деп ойладым. Алайда күдігім расталмады. Өте қуаныштымын»,— дейді ол.
Айта кетейік, халықаралық олимпиада жеңімпазына 4,5 миллион теңге сыйақы табысталады. Сондай-ақ ол кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.
Комментарии