Екібастұзда 14 жастағы оқушы қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды

721

Екібастұзда 14 жастағы оқушы қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Белгісіз ер адамның зорлық-зомбылық жасағаны туралы қыздың анасы полицияға хабарлаған. 

Нәтижесінде Екібастұз ауылдық округінің 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы – кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket