"Рейдерлердің күні бітті": Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды

5686
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/fotoram.io-1-7.jpg
Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды: - Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған; - Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған; - Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған; - Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған. Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал , Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені жайлы ақпарат тараған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии