Мирзиёев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтатты

2415
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 шілдеден бастап Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен енгізілген Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы 2022 жылғы 21 Шілдеде 05 сағат 00 минуттан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын", - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құжатта Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төтенше жағдайдың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші бойынша және Қарақалпақстан аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтіріліп, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалғанын ескере отырып шешім қабылданғаны айтылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер