Министрлік 1 шілде бойынша зейнетақының орташа мөлшерін атады

3313
Adyrna.kz Telegram

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге бөлінді, оның 79,4 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 182,6 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.

"2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 247 мың адамды құрады. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 117 469 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, маусымда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 105 189 теңгені құрады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер