Жоғарғы сот Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады

679

Жоғарғы сот белгілі қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жоғарғы сот сейсенбі күнгі отырыста Астана қаласы сотының Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкім өз күшін жойды.

Судья Матаевтарға қарсы қозғалған қылмыстық істі заңсыз деп таныды. Сонымен қатар қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекетінен келтірілген шығынды өндіріп алуға құқығы бар екенін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Сейітқазы Матаев "қаржы жымқырды" және салықтан жалтарды" деген айыптармен 6 жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев "қаржы жымқырды" деген айыппен 5 жылға сотталған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket