Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

4957
Adyrna.kz Telegram
Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

М.Шамшадин жартылай финалда франциялық Максим Мерлиннен басым түсті.

Финалда кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты. Тартысты өткен белдесу барысында кореялық спортшы үшінші ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.

Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде нидерландылық Иво Верхорстертке есе жіберіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Хорватиядағы Grand Slam жарысы 17 шілдеде мәресіне жетеді.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер