13 жыл бойы Қазақстан азаматтығымен жүрген ресейлік анықталды

4054
Adyrna.kz Telegram
Фото: Aikyn.kz
Фото: Aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облысында 13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген ер адам анықталды. Бұл туралы Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтады. Бородулиха ауданында тұратын 55 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматтығын 2009 жылы алса да, ол туралы күні бүгінге дейін тіс жармай келген. Осылайша, көрші елдің азаматы 13 жыл бойы Қазақстан аумағына кірген кезде ҚР азаматының құжаттарын пайдалануды жалғастырған.

«Оған ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған шетелдіктен жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді», - дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Айта кетсек, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер