АҚШ Қазақстандағы банктердің бірінен санкцияларды алып тастады

3334
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-15_100752535.png
АҚШ қаржы министрлігі ресейлік Альфа-банктің бұрынғы қазақстандық еншілес ұйымын санкциялар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Еске салайық, мамыр айында Қазақстандағы Альфа-Банктің үлесін ЦентрКредит Банкі сатып алып, сол жерде ребрендинг жасаған болатын. Бүгінде қаржы институтының жаңа атауы бар - Eco Center Bank. Қазақстанда бұл санкцияға ұшыраған банкті сатып алудың бірінші оқиғасы. Ақпан айының соңында АҚШ, ЕО және Ұлыбритания ресейлік Альфа-банкке салалық санкциялар салды. Сәуірде АҚШ банкке, оның ішінде қазақстандық еншілес ұйымға да толық блоктау санкцияларын салған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии