17 жастағы жасөспірім 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

4218
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірім 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 13 шілде күні «Шерқала» тұрғын үйінде болған.

«Бұл жағдай барлығына сабақ болсыншы деп сұраймын. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар. Терезеге қорғаныш торын қойыңыздар»,– деді бейнежазба авторы zhaloby___astana парақшасында.

2 жастағы бүлдіршінді құтқарған жігіт көп балалы отбасынан шыққан.

«Болашақта менің де балаларым болса, оларға біреу көмектессе жақсы деп ойлаймын»,– деп пікірін білдірді ол.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер